Астана Алматыдан озып тұр... - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана Алматыдан озып тұр...

24.02.2014
Астана Алматыдан озып тұр...
 
2013 жылы берілген ипотекалық несиелер көлемі бойынша Астана көш басында тұр, деп хабарлайды ranking.kz зерттеу порталы.
 
«Бір жыл ішінде Астанадағы ипотека нарығы 18,5 миллиард теңгеге өсіп (13,7 пайызға), Алматыны басып озған. Алматыдағы ипотека бойынша жылдық өсім көрсеткіші 8,7 миллиард теңге көлемінде ғана (3,3 пайыз)», - делінген хабарламада.
 
Ипотекалық нарықтың Алматыдан Астанаға ауытқуы байқалуда. Астана өз үлесін 1 пайызға өсірсе, Алматы, керісінше, 1,2 пайыз жоғалтты. Яғни, 2013 жылдың желтоқсан айындағы көрсеткіші бойынша Астанада оның үлесі  1 пайыздан - 17,8 пайызға дейін артса (барлығы 153,6 миллиард теңге), Алматыда бұл үлес 1,2 пайыздан  - 31,4 пайызға дейін (барлығы - 271,5 миллиард теңге) төмендеген.

Хабарламаларға жазылу