Қырғыз Республикасының астанасында «Музыка - халықтың жаны: Қазақстан» деген атпен концерт өтті. Шараны жергілікті қоғамдық ұйымдар ұйымдастырды. Әртістер өнер көрсетпес бұрын осы елдегі қазақтардың қоғамдық ұйымдарының қызметі туралы деректі фильм көрсетілген.
Соңынан Қазақстаннан келген «Махаббат» ансамблінің әртістері қазақтың ұлттық билерін биледі.
Қазақ тіліндегі әндерді тек қонақтар ғана емес, сонымен бірге әуесқойлар мен жергілікті кәсіби опералық әншілер де шырқады.
Қазақтың ұлттық әдет-ғұрыптарының таныстырылуы жұртшылықтың қызығушылығын тудырған.
Залдағы көрермендерге, шараға келген шетелдік дипломатиялық корпус өкілдеріне ұлттық сусындар мен тағамдар ұсынылған. Концерттің соңы қазақ пен қырғыз ақындарының айтысына ұласты. Олар халықтар арасындағы бейбітшілік пен достық тақырыбын арқау етті.