Метан өндіру бағытында кеңес өтті
21 ақпан күні Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев Қарағанды көмір бассейнінің көмір қабаттарынан метанды барлау, өндіру және өнеркәсіптік игеру жобасын іске асырудың ағымдағы жағдайы мен перспективалары туралы жұмыс кеңесін өткізді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кеңестің жұмысына метан облыстық басқармалардың, департаменттердің, метан мәселесімен айналысатын ұйымдардың басшылары, ғалымдар, сол сияқты «Сарыарқа» ӘКК», «Казгеология», «Парасат» компаниясының басшылары, «КазТрансГаз» АҚ өкілдері қатысты.
- Метанды өнеркәсіптік алу жобасын іске асыру бізге бірқатар ауқымды міндеттерді шешуге жол ашады. Біріншіден, бұл – шахтерлер еңбегінің қауіпсіздігі.
Екіншіден, бұл – тиісті мультипликативті тиімділік құрайтын жаңа жылу-энергетикалық және химия салаларын дамыту мүмкіндігі. Үшіншіден, бұл – экология мәселесі, көмір өндіретін кәсіпорындардың ауаны метан газымен ластауын қысқарту,-деп атап көрсетті облыс әкімі.
Кеңес барысында Қарағанды көмір бассейнінің көмір қабаттарынан метанды барлау және өндіру жобасын іске асыру бойынша Қарағанды облысы әкімдігі мен «КазТрансГаз» АҚ және «Казгеология» АҚ арасындағы өзара әріптестік туралы Меморандумға қол қойылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан Әлем кубогы Вашингтонға жеткізілді
04.12.2025, 20:25
Халықаралық инвестициялық форумға 20 елдің өкілдері қатысты
04.12.2025, 20:23
Әлем жаңалықтарына шолу
04.12.2025, 20:13
Елімізде балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салынуы мүмкін
04.12.2025, 20:12
Абай облысындағы шалғай ауылдар оңалып келеді
04.12.2025, 20:11
Шағымдардың басым бөлігін әкімшілік сот қарауы мүмкін
04.12.2025, 20:11
Елдің оңтүстігінде 11 мыңға жуық вагон кептелісте тұр
04.12.2025, 20:08
Биыл СҚО-на 900 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды
04.12.2025, 20:07