Қазақтың көне тарихымен бірге жасап келе жатқан қобыз аспабының ел арасында кеңінен таралуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға - Жаппас Қаламбаев.
Ол 1909 жылы наурыз айында қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген.
Жаппас Қаламбаевтың қылқобызда орындаған «Жезкиік», «Қасқыр», «Мұңлық-Зарлық», домбырада орындаған «Тоғыз тарау», «Жұман», «Аққу» күйлері мен өзінің «Марш» күйі, «Кең өлке» әні, «Күй толғау» романсы қазақ музыкасының алтын қорына қосылған айтулы шығармалар.
«Оның шығармашылығының негізгі ерекшелігі - Қорқыт пен Ықылас, Сүгір күйлерін қобыз шанағына түсіріп, қайта жаңғыртып жеткізе білуінде».
Қобызшы, композитор, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері туралы бүгін 16.35-те Ұлттық арнаның «Жарқын бейне» хабарынан көре аласыздар.