Интернет жылдамдығын күшейту мүмкін бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Интернет жылдамдығын күшейту мүмкін бе?

21.02.2014
Интернет жылдамдығын күшейту мүмкін бе?
Ресейдің Краснояр өлкесінің инновациялық технологиялар бизнес-инкубаторының аймақтық өкілдігі (КӨИТБИ), «УАРТ» компаниясы, мәліметтерді электр сымдарымен жоғары жылдамдықта жіберуді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық-аппараттық кешен құрды.
 
Бұл жоба интернетті алыс жердегі елді-мекендерге жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл туралы КӨИТБИ баспасөз қызметі хабарлады.
 
Мұның негізінде мәліметтерді жіберуде электр желісі кабелін қолдану мүмкіндігін беретін PLC (Power Line Communications - күшті желі коммуникациялары) технологиясы жатыр. PLC - технологиясы интернетті қолданыста бар электр өткізгіштері арқылы жүргізуге мүмкіндік береді. Егер интернетті жүргізудің басқа әдісі мүмкін емес, шектелген немесе аса тым жоғары шығын болады деген қауіп болса, онда осы өнертабыс экономикалық тұрғыда тиімді.
 
«3G және 4G сымсыз технологиялары барлық жерде таралмаған және оларды жүргізу провайдерлер үшін экономикалық тұрғыда тиімсіз. Біздің құрылғы провайдерлерге электр өткізгіштерін пайдалану және қолданушыларды қосуда шығынды оңтайландыруға мүмкіндік береді», - деді «УАРТ» басшысы Александр Бурлаков.

Хабарламаларға жазылу