Австралиялық боксшы Дэниэл Гил Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды. «Головкин келесі қарсыласым болады деген сенімдемін. Мен тағы да қос чемпиондық титулды Австралияға әкелемін», деген Дэниэл Гилдің сөзін келтіреді Tofight.ru сайты. Айта кетер жайт, Дэниэл Гил Головкинмен 26 ақпанда да кездесе алар еді. Бірақ ол бұл жекпе-жек Австралияда көрсетілмейтін болған соң бас тартқан. |