Қазақстандық банктер туралы жалған ақпарат таратқан бірнеше адам анықталды

Қазақстандық банктердің банкротқа ұшырайтындығы туралы жалған ақпарат таратқан бірнеше адам анықталды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.
«Банктердің қаржылық ахуалы жөніндегі ақпараттарға қатысы бар барлық тұлғаларды анықтау бойынша кешенді іздестіру шаралары жүргізілуде. Бірқатар тұлғалар анықталды және оларға қатысты тексеру шаралары басталды», - деді ол.
Оның атап өтуінше, талап арыз енгізіліп, қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.
Оның атап өтуінше, талап арыз енгізіліп, қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.
«Бас прокуратура жалған хабарламаларды таратуға кінәлі тұлғалардың барлығы қылмыстық қудаланумен қоса материалдық және заңмен белгіленген өзге де жауапкершіліктерге тартылатындығын мәлімдейді», - деді Нұрдәулет Сүйіндіков.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мәлімдемесі
Соңғы күндері әртүрлі коммуникация құралдары арқылы (әлеуметтік желілерді қоса алғанда интернет-хабарламалар, sms) «Kaspi bank», «Банк ЦентрКредит» және «Альянс Банк» банкрот болу мүмкіндігі туралы ақпарат тарала бастағаны мәлім.
Осы хабарламалар аталған банкілердің салымшыларын дүрліктіріп, оларды банктік шоттардағы қаражаттарын жаппай алуға итермелеуде.
Нәтижесінде бұл әрекеттер жүйе құраушы банктерге айтарлықтай зиян келтірді, қоғамдағы әлеуметтік шиеленістің өсуіне әкеліп соқты, сондай-ақ елдегі қаржы институттарына деген тұрғындардың сеніміне нұқсан келтірді.
Аталған банктердің банкрот алдындағы жағдайы туралы жалған ақпараттың ешбір негізі болмағандығы және болуы мүмкін еместігі анықталды.
Сәйкесінше, таратылып жатқан мәліметтер көрінеу жалған болған және банктік саладағы ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тиісті арыздардың негізінде банктердің қаржылық ахуалы жөніндегі жалған ақпаратқа қатысы бар барлық тұлғаларды анықтау жөніндегі жедел-іздестіру шараларын кешенді түрде жүргізуде.
Бірқатар тұлғалар анықталды және оларға қатысты қажетті тексеру шаралары жүргізілуде. Талап арыздар берілді. Қазір қылмыстық іс қозғау жөніндегі мәселе шешілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сталкинг туралы жаңа заң күшіне енді
16.09.2025, 20:17

Заң мен Тәртіп болса, қоғамға жат кез келген әрекетке төзбеушілік пайда болады
16.09.2025, 20:15
Жамбыл облысында балалардың құқын қорғау басқармасы ашылады
16.09.2025, 20:14
Израиль Газа қаласын басып алу операциясын жүргізіп жатыр
16.09.2025, 20:12
Мемлекет басшысы шахмат үйіне барды
16.09.2025, 20:08
6 мыңдай ерікті оқудан өткен
16.09.2025, 20:07
Рени Хаттар: Дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі әлемдік аренада үлкен беделге ие
16.09.2025, 20:05
Сенат төрағасы: Жанжалдар бейбіт әрі дипломатиялық жолмен шешілуі тиіс
16.09.2025, 20:03