«Жан жылуы» хабарының эфирге шыққанына - 5 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жан жылуы» хабарының эфирге шыққанына - 5 жыл

19.02.2014
«Жан жылуы» хабарының эфирге шыққанына - 5 жыл
Биыл «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының  «Жан жылуы» хабарының эфирге шыққанына - 5 жыл. Осы уақыт аралығында бағдарламаның көмегімен жетімдер үйінен 20 бала  жаңа отбасын тауып, 13 бала шетелде ем алып, аман-есен елге оралды. Сонымен қатар, үйсіз-күйсіз жүрген сегіз отбасы баспаналы болды. 
 
Осыған орай, бағдарлама 14 наурызда Астана қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында қайырымдылық концертін өткізбекші. Онда Майра Ілиясова, Бақыт Шадаева, Досымжан Таңатаров, Гүлнұр Оразымбетова,  Жаңабай Өтегенов, сонымен қатар, «Наз» бишілер тобы өнер көрсетеді.
 

Сондай-ақ, шараға «Жан жылуының» арқасында өміріне үлкен өзгерістер енген кейіпкерлер мен оларға қол ұшын созған меценаттар қатысады. Кеш соңында тағы бір көмекке мұқтаж бүлдіршінге қайырымдылық көрсетілмекші.

Хабарламаларға жазылу