Қырғыз елінде доллар бағамы өсіп барады
Қырғыз Республикасында күн сайын жергілікті сомға шаққанда доллар бағамы өсіп барады. 17-ші ақпан күні америкалық валютаны 50 сомға сатып алу мүмкін болса, бүгін, 19-шы ақпанда ол 52-53 сом тұрады. Бұл елдің Ұлттық банкі белгілеген ресми бағам - 51.6550 сом.
Қырғыз Республикасының үкіметі мен ұлттық банкі валюта нарығында алыпсатарға жол берген ақша айырбастау пунктері мен коммерциялық банктердің қожайындары заңға сәйкес жазаланды деп мәлімдеме таратты.
Сонымен қатар, ел үкіметі доллардың бағамының өсуіне байланысты азық-түлік бағасының қымбаттауына жол бермеу үшін барлық шара жасайтынын айтты. Қазіргі уақытта Қырғыз Республикасының ұлттық банкі доллар бағамының өсуін тоқтату үшін жүйелі интервенция жүргізуде.
Естеріңізге сала кетейік, 12-ші ақпан күні Қазақстанда доллар бағамы өскен кезде, Қырғыз Республикасының Ұлттық банкі қырғыз сомының төмендеуіне мүмкіндік бермеуі үшін 27 миллион долларға интервенция жүргізді. Сол кезде жүргізілген шарадан кейін елдің валюта нарығы тұрақталып, америкалық валютаға деген сұраныс толық қанағаттандырылды деп мәлімделген еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғылымға қолдау - болашаққа инвестиция
10.04.2026, 18:35
Болашақ ойындары-2026 : Волонтерлерді іріктеу басталды
10.04.2026, 18:28
Түркиядағы студенттер бауырсақ пісіріп сайысты
10.04.2026, 17:35
Таразда қолөнер шеберлерінің халықаралық фестивалі өтеді
10.04.2026, 17:33
Талдықорған - Астана бағытында пойыз жүре бастады
10.04.2026, 17:30
Ырғыз ауданында ветеринар тапшы
10.04.2026, 17:27
Ақтауда «Хакатон – жарқын идеялар» байқауы өтіп жатыр
10.04.2026, 17:25
Қызылордада ғылыми жобалар көрмесі болды
10.04.2026, 17:22