VII Астана экономикалық форумына тіркелу басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

VII Астана экономикалық форумына тіркелу басталды

18.02.2014
VII Астана экономикалық форумына тіркелу басталды
  2014 жылдың 21-23 мамыр аралығында Астана қаласында VII Астана экономикалық форумы мен II Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция өтеді. Бұл туралы «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.
 
Экономикалық және инвестициялық форумдардың бірі саналатын осы шараға жыл сайын әлемнің 150 елінен 7000-нан астам делегат қатысады.
 
Бүгін VII Астана экономикалық форумына тіркелу басталды. Қазірдің өзінде 250-ден астам жоғары қызметтегі делегат, соның ішінде, премьер-министрлердің 6 орынбасары, 40 министр мен Орталық банктердің төрағалары, 12 бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ, Нобель сыйлығының 14 лауреаты, халықаралық ұйымдардың  40 басшысы,  50-ден астам ғылыми-зерттеу ұйымдарының жетекшілері тіркелген.
 
VII Астана экономикалық форумындағы маңызды сәт - Бреттон-Вуд келісімінің 70 жылдығына орай өткізілетін және БҰҰ-ға мүше мемлекеттер үшін Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік жоспар жобасын өңдеп, қабылдауға бағытталған басты халықаралық шара - ІІ Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция болады.
 
VII Астана экономикалық форумы мен II Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияны ұйымдастырушылар  барлық ниет білдірушілерді www.astanaforum.org сайтында  тіркелуге шақырады.

Хабарламаларға жазылу