Бокстан Қазақстан құрамасы Өзбекстан командасын жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокстан Қазақстан құрамасы Өзбекстан командасын жеңді

18.02.2014
Бокстан Қазақстан құрамасы Өзбекстан командасын жеңді
  Астанада өтіп жатқан бокстан төрт ел құрама командаларының бәсекесінде Қазақстан құрамасы Өзбекстаннан келген спортшыларды 7:3 есебімен жеңді. Айта кетейік, қазақстандықтар алғашқы үш жекпе-жекте жеңіліп, есеп 0:3 болған еді.
 
Қазақстан боксшылары қатарында Закир Сафиуллин (60 келі), Алмасбек Әлібеков (64 келі), Сағадат Рахманқұлов (69 келі), Рустам Сыбаев (75 келі), Даурен Елеусінов (81 келі), Антон Пинчук (91 келі) және Жан Кособуцкий (+91 келі) жеңімпаз атанды.
 
Ал Рашит Салауатов (49 келі), Нұрғазы Жүсіпов (52 келі) мен Жанболат Тілегенұлы (56 келі) команда қоржынына ұпай сала алмады.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан алғашқы күні Ұлыбритания құрамасын 8:2 есебімен ұтса, Өзбекстан Ресейлік боксшыларды 6:4 есебімен жеңген болатын.
 
Енді қазақстандық спортшылар Ресей құрамасымен 19-шы ақпан күні Астана уақытымен сағат 17:00-де қолғап түйістіреді.

Хабарламаларға жазылу