Астана автобустарында электронды тақта орнатылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана автобустарында электронды тақта орнатылмақ

17.02.2014
Астана автобустарында электронды тақта орнатылмақ
  Астанада болашақта қалалық автобустарда электронды табло орнату жоспарланып отыр. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлады.
 
«Бұл машруттардың нөмірі мен негізгі аялдамалар көрсетілген трафареттерден бас тартуға мүмкіндік береді және жұмысты айтарлықтай жеңілдетеді. Жүргізуші қажет болған жағдайда маршруттың нөмірін және басқа да ақпаратты таблоға өз бетінше шығара алады», - деді Жолаушылар тасымалы орталығының директоры Бақытжан Ертаев.
 
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Астанада ілкі жоба аясында он автобуста бейнебақылау камерасы мен «дабыл» түймесі орнатылған. Бұл салондағы, жолдағы жағдайды бақылауға, ал дау-дамай туындағанда, қауіп-қатерлерде (лаңкестік әрекеттер, ұрлық және т.б.) жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Хабарламаларға жазылу