18 жолаушысы бар ұшақ жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

18 жолаушысы бар ұшақ жоғалып кетті

16.02.2014
18 жолаушысы бар ұшақ жоғалып кетті
Непалда «Nepal Airlines» әуе компаниясының ұшағы жоғалып кетті, деп хабарлайды lenta.ru.
 
Лайнер Покхар туристік курортынан жергілікті уақыт бойынша 13.30-да елдің батысында орналасқан қалалардың біріне қарай бағыт алып ұшып шыққан. Алайда 15 минут өткеннен кейін радардан жоғалып кеткен.
 
Непал полицейлері ұшақ бортында 14 жолаушысы бар екендігін айтуда. Ал, «Associated Press» агенттігі өздерінің дереккөздеріне сүйеніп, ұшақта 18 адам бар, деп хабарлауда. Оның 15-і -жолаушы болса, қалғаны - экипаж мүшелері.

Хабарламаларға жазылу