Дерек Чисора Поветкинді жекпе-жекке шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дерек Чисора Поветкинді жекпе-жекке шақырды

16.02.2014
Дерек Чисора Поветкинді жекпе-жекке шақырды
  Британиялық аса ауыр салмақтағы боксшы Дерек Чисора ресейлік Александр Поветкинмен кездескісі келетіні туралы мәлімдеді.
 
Чисора 34 жастағы америкалық боксшы Кевин Джонсонды жеңгеннен кейін, өзінің жуық арада жұдырықтасқысы келетін қарсыластарын атаған, деп хабарлайды Vesti.kz.
 
Ол «Көктемде Мәскеуде Александр Поветкинмен, одан кейін Тайсон Фьюримен қарымта кездесу өткіземін», деген.
 
Чисора кәсіпқой бокста 20 жекпе-жекті жеңіспен аяқтап (13 нокаут),  4 рет жеңіліс тапқан. Ал Поветкин 26 кездесуінде (18 нокаут) жеңіске жетіп, бір рет жеңілді.

Хабарламаларға жазылу