Абылай Мырзахметов: 2050 жылы ішкі өнімнің 50 пайызын отандық бизнес нысандары өндіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абылай Мырзахметов: 2050 жылы ішкі өнімнің 50 пайызын отандық бизнес нысандары өндіреді

26.05.2015
Абылай Мырзахметов:  2050 жылы ішкі өнімнің 50 пайызын отандық бизнес нысандары өндіреді

2050 жылы отандық бизнес нысандары ішкі өнімнің 50 пайызын өндіретін болады. Бұл - кәсіпкерлер үшін стратегиялық бағыт.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде  өткен брифингте «Атамекен» Ұлттық  кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов осылай деді.

Бұл жоспарды бағындыруға Мемлекет басшысының бес реформасында көрсетілген негізгі бағыттар серпін бермек.

«Кәсіби аппарат құру - кәсіпкерлерге қатысты бағдарламалардың бәрі мемлекеттік органдардың сүзгісінен өтеді. Сондықтан, олардың еш кедергісіз, кәсіби жұмыс істеуі - негізгі фактор.

Кәсіпкерлер мемлекет дамуына бастайтын нақты қадамдардың тез арада жүзеге асуына мүдделі»,- дейді Абылай  Мырзахметов. 

 

Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу