Тұңғышбай Жаманқұлов: «Халық әртісі» деген атақты қайта жаңғырту қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұңғышбай Жаманқұлов: «Халық әртісі» деген атақты қайта жаңғырту қажет

11.02.2014
Тұңғышбай Жаманқұлов: «Халық әртісі» деген атақты қайта жаңғырту қажет
  Бүгін Үкімет отырысында Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы, Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов әртістерге мемлекеттік құрметті атақтарды бұрынғы жүйемен беруді ұсынды.
 
«Мәдениет пен өнер адамдары қашанда халық сүйіспеншілігіне бөлену үшін жанын сала қызмет етеді. Олардың бизнесмендер секілді ақшасы мен жиған-тергені болмайды. Әртіс үшін еңбегі жанып, атақ-даңқы еленіп жатса, олардан бақытты адам жоқ. Сондықтан, <span rgb(0,="" 0,="" 0);="" font-family:="" arial;="" font-size:="" 14px;="" text-align:="" justify;\\\"=""> «Еңбек сіңірген әртіс» және «Халық әртісі» деген құрметті атақтарды бұрынғы жүйемен қайта жаңғырту қажет»,- деді Т.Жаманқұлов.
 
Ол бұл атақтардың қаржылай қолдауы болмағанымен, әртістерге қатысты бұрынғы жүйені қайтару маңызды екенін атап өтті.

Хабарламаларға жазылу