Лунда университетінің ғалымдары итбүлдірген жемісі майлы тамақтарды залалсыздандырып, артық салмақтың жиналуын болдырмайтындығын анықтады.
Зерттеушілер тышқандардың бірнеше тобын алып оларды әр түрлі жеміс түрлерімен: итбүлдірген, таңқурай, көкжидек, т.б. тамақтандырған.
Зерттеу барысында анықталғандай, итбүлдіргенмен тамақтанған тышқандар тобында холестерин мөлшері мен қандағы қант мөлшері қалыпты болып, артық салмақ болмай шықты, деп жазады rosbalt.ru.