Бүгін Алматы қаласындағы «Есентай Молл» сауда үйінде Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күніне орай акция ұйымдастырылды.
Акцияға қалалық онкология орталығының дәрігерлері, кәсіпкерлер, эстрада жұлдыздары, қоғам қайраткерлері мен еріктілер қатысуда.
Шараға қатысушылар аурудың алдын алу, онкопотологияны дамыту, дұрыс тамақтану, организмді сауықтыру туралы арнайы мамандар мен психологтардың кеңесін тыңдай алады.
Нәтижесінде Қазақстан Бүкіләлемдік обырға қарсы одақтың (UICC) болашақ мүшесі ретінде Алматы онкологиялық орталығы мен «Обырға қарсы бірге» қоғамдық қоры қол жинайды. Ол БҰҰ мүше елдердің үкіметтеріне обырға қарсы күрес жөнінде мемлекеттік бағдарлама қабылдауға ұсыныс білдіру мақсатында ұйымдастырылды.
Қол жинауды UICC веб-порталы онлайн-режимде жүзеге асырмақ.