«Медиабілім және киберсоциализм» атты халықаралық конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Медиабілім және киберсоциализм» атты халықаралық конференция өтеді

07.02.2014
«Медиабілім және киберсоциализм» атты халықаралық конференция өтеді
2014 жылдың 25 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде тарих ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері  Ләйлә Ахметованың 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған  «Медиабілім және киберсоциализм» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
 
Ләйлә Ахметова «PR және Қазақстандағы БАҚ» ғылыми басылымының бас редакторы, 10-ға жуық кітап пен 100-ге тарта ғылыми мақаланың авторы.
 
Конференцияның негізгі бағыты:
1.Медиасауаттылық және Қазақстандағы журналистік білім берудің негізгі мәселелері;
2. Білім, ғылым және өндіріс: біріктіру жолдары;
3. Орта және кәсіби білім беруде медиабіліктілікті дамыту;
4.Медиабілім және қоғам;
5. Үкіметтік емес ұйымдардың медиабілім берудегі ерекшелігі;
6. БАҚ-тағы әлеуметтік-мәдени алуантүрлілік: ұлттық ерекшеліктің сақталуы.
 
Шараға  отандық және шетелдік ғалымдар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде.  
 
Ұйымдастырушылар:ЮНЕСКО, Халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы, ЮНЕСКО-ның журналистика және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы, Әлеуметтік зерттеулер және әлеуметтік инжиниринг орталығы.
 
Толық мәлімет алу үшін 8(727) 377-34-43, 8 701 993 90 07, 8 707 527 69 99 байланыс нөмірлеріне хабарласа аласыздар.
 
Біздің анықтама:
ЮНЕСКО, Халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының профессоры  Ләйлә Ахметова «Құрмет» орденінің иегері.
Сонымен қатар,  «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, БҰҰ Балалар қорының «Қазақстан Республикасында  балалар құқығының қорғалуына ерекше үлес қосқаны үшін»  Халықаралық сыйлығымен марапатталған. 2010 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын иеленген.
 

Хабарламаларға жазылу