«Бәсекеге қабілетті көшбасшылар - ұлттық чемпиондар» бағдарламасы бойынша 32 компания таңдалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бәсекеге қабілетті көшбасшылар - ұлттық чемпиондар» бағдарламасы бойынша 32 компания таңдалды

18.05.2015
«Бәсекеге қабілетті көшбасшылар  - ұлттық чемпиондар» бағдарламасы бойынша 32 компания таңдалды

Қазақстанның экспорттық әлеуетін көтеретін 32 компания тамыз айынан бастап тың жобалар ұсына бастайды.

Отандық компаниялар пулы «Бәсекеге қабілетті көшбасшылар - ұлттық чемпиондар» бағдарламасы аясында таңдалған.

Орта бизнес мекемелерін халықаралық «McKinsey» консалтингтік компаниясы соңғы екі ай ішінде іріктеп алды.

Инновацияның игілігін көріп, отандық өндірісті өркендеткен  компаниялардың бірегейі - «Alageum Electric» көлік жасау кәсіпорындарының холдингі.

Мекеме - трансформаторлық құрал-жабдықтар шығарудың үздігі. Іріктелген 32 компанияның бірі ретінде алдағы тың жобаларын да таңдап қойған.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу