Қазақ иллюзионистері қайда? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ иллюзионистері қайда?

07.02.2014
Қазақ иллюзионистері қайда?
Иллюзия өнері дегенде бірден еске түсетіні, қазақтың атын әлемге танытып кеткен Алтынай Байтоқанова. Ол аз ғұмырында көптеген әлемдік байқауларға қатысып, иллюзионистік жанрдың шебері ретінде талантына бас игізді. 
 
7 минут ішінде  14 көйлек ауыстырып үлгеретін оның өнерін Швейцария, Грекия, Италия, Польша, Түркия, Қытай және өзге де мемлекеттерде тамашалады.
 
Әлемнің ең мықты иллюзионистер ондығының қатарына еніп, ұлттық сиқыр трансформациясының іргетасын қалап кеткен де Алтынай болатын.
 
Ал қазіргі қазақ иллюзионистерінің жағдайы қалай? Мұндай ерекше өнердің біздің елдегі дамуы қаншалықты? Бүгін 21.05-те «Айтуға оңайдан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу