Жәмиля Серкебаеваның концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жәмиля Серкебаеваның концерті өтеді

06.02.2014
Жәмиля Серкебаеваның концерті өтеді
 
27 ақпанда Астанадағы «RIXOS» қонақүйінің «Даймонд 3» конференц-залында «The Best» және «Zhamilya Classic» альбомдарының тұсаукесері өтеді.
 
Баспасөз мәслихатына Жәмиля Серкебаева, француз музыканты, композитор Didier Marouani және Байғали Серкебаев қатыспақшы.
 
Ал 28 ақпанда Алматыдағы Республика сарайында «ПЯТАЯ СТИХИЯ» атты музыкалық шоу өтеді.
 
Жәмиля Серкебаева – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Первая скрипка» дипломымен марапатталған, Монте-Карлода өткен халықаралық фестивальдің лауреаты, Нью-Йорктағы Джаз қауымдастығының мүшесі.
 
Ол АҚШ, Франция, Испания, Бельгия, Венгрия, Румыния, Монако, Сингапур, ТМД елдерінде концерт берген.

Хабарламаларға жазылу