Көру мүмкіндігінен айырылған ұстаз шәкірт тәрбиелеуді жалғастыруда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көру мүмкіндігінен айырылған ұстаз шәкірт тәрбиелеуді жалғастыруда

06.02.2014
Көру мүмкіндігінен айырылған ұстаз шәкірт тәрбиелеуді жалғастыруда
Болатжан Дыбыспайұлының ұстаздық қызметіне ширек ғасырдың жүзі болыпты. Көру мүмкіндігінен айырылса да, мамандығынан қол үзгісі жоқ.
 
Ол қазір мектепте математика пәнінен сабақ береді. Оған көпжылдық тәжірибесі мен білімі септігін тигізіп жүр.
 
«Мен дәптерге баға қоймаймын. Алдымен балаларға жаздыртамын, оқытамын. Сол жазылған дүниені, мысалы формула болса, соны түсіндіре алуына байланысты бағалаймын»,-дейді ұстаз.
 
Оқушылар да ұстаздарының сабақ түсіндіру ерекшелігін айтады. «Әр сабағы қызықты, түсінікті. Біз бұл кісінің сабағын тағатсыздана күтеміз»,-дейді олар.
 
Ұлағатты ұстаз жары Ботагөзді көмекшісіне балайды: «Мені жұмысқа жетектеп алып барып, алып келіп жүретін де – Ботагөз. Менің мұндай нәтижеге жетуімнің, менің жасап жатқан еңбегімнің жартысынан көбі соған тиесілі».
 
Болатжан Дыбыспайұлы ұстаздық етуімен қатар, жылына екі-үш рет халықаралық ғылыми конференцияларға да қатысып тұрады. «Жеңіске жету үшін адам тек еңбектене білу керек»,-дейді ол.

Хабарламаларға жазылу