Жоғары оқу орындарындағы оқу төлемақысының жыл сайын қымбаттап бара жатқандығы көпшілікті әбден әбігерге салып қойды. Мектеп бітіруші түлектердің басым бөлігі ақылы бөлімде оқиды.
Миллиондап қаржы құйып жатса да, толық төлемегені үшін оқудан шығып жатқан жастар қаншама?!
Бұл саланы зерттеп жүрген журналист-ғалым, «Білім» арнасының бас редакторы Аязби Бейсенқұлов, Британияда білім алып жүрген журналист Қанат Әуесбай, Қаржы орталығының қызметкері Қуаныш Мәулет, ата-ана Ләззат Оңғарқызы осы тақырып төңірегіндегі түйткілді мәселелерді бүгін «Шалқар» радиосының «Жас тұлпар» жастар хабарында ортаға салады.
Тиімді шарттармен жастарға арналған кредиттік білім берудің түрлі бағдарламалары бар екендігінен сағат 14.20-да хабардар болыңыздар. Ұлдар-Ай Батырқызының хабарын бірге тыңдайық!
|