Жітіқара тұрғыны етіктің ішінен 1 миллион теңге тауып алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жітіқара тұрғыны етіктің ішінен 1 миллион теңге тауып алған

04.02.2014
Жітіқара тұрғыны етіктің ішінен 1 миллион теңге тауып алған
Жітіқара аудандық сотында қызықты оқиға қаралды. Шағымданушы - Қостанай облысы Жітіқара қаласының тұрғыны танысына сыйлаған етікте 1 миллион теңге жасырылғанын айтқан. Бұл ақша иесінің есіне аяқ киімді бергеннен  бір күн өткен соң ғана  түскен.
 
Жітіқара аудандық сотының сайтында жазылғандай, етік шағымданушының келініне арналған екен. Ол етікпен бірге сыртқы киімін де берген көрінеді.
 
Ақшасын қайтара алмаған азаматша тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген. Нәтижесінде қаржы шынымен сонда болғаны анықталған. Алайда олжаны тапқандар оны жұмсап та үлгерген екен. Тергеуші қылмыстық іс қозғаудан бас тартқандықтан, ақшаның иесі сот арқылы өзіне тиесілі қаражатты қайтармақ болған.
 
«Сот отырысында жауапкерлер мұны мойындады», - деп хабарлайды аудандық сот сайты. Сот шағымданушының пайдасына үкім шығарған.

Хабарламаларға жазылу