«Сүйікті кейіпкерім» әдеби хабары эфирге шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сүйікті кейіпкерім» әдеби хабары эфирге шығады

03.02.2014
«Сүйікті кейіпкерім» әдеби хабары эфирге шығады

Ұлт үнжарғысы – Қазақ радиосында бүгіннен бастап сағат 22:00-де жаңа жоба – «Сүйікті кейіпкерім» әдеби хабары эфирге шығады. Хабардың мақсаты – әр дүйсенбі сайын қазақ қаламгерлерінің танымал туындыларын тыңдарманның талқысына ұсыну.
 
 Әдеби хабардың бүгінгі алғашқы санында тыңдарман қауым Сайын Мұратбековтің «Жабайы алма» повесін талқылайды. Шығарманы оқыған тыңдарман хабарласып, пікір білдіре алады.
 
 «Сүйікті кейіпкерім» бағдарламасында эфир тізгінін белгілі журналист Ғалия Шаудырбаева ұстайды.
 
 Ал бағдарламаның келесі дүйсенбідегі саны Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романына арналмақ.

Хабарламаларға жазылу