Жапонияда бүгін «Махаббат күні» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда бүгін «Махаббат күні»

31.01.2014
Жапонияда  бүгін «Махаббат күні»
 
 
Бүгін - Жапонияда күйеуінің жұбайына деген махаббатын білдіру күні. Бұл мереке отбасындағы қарым -қатынасты нығайтуды көздейді. Ер адамдар өз сезімдерінің шынайылығын көрсету үшін ғашықтық сөзін жұрт алдында, сахнада тұрып немесе қатты айқайлап айтуы тиіс.

Ол үшін қоғамдық саябақта арнайы сахна орнатылады. Оған кез келген үйленген ер адам шығып, дүйім жұрттың көзінше әйеліне өз сезімін жеткізе алады, деп жазады piter.tv.

Бұл дәстүрдің шыққанына көп болмаса да, қоғамнан қолдау тапқан. Жапонияның қиыр-қиырына дейін танылып үлгерді. Ер адамдар тіпті шоу ұйымдастырып, ән айтып, өлең оқып, алдын ала дайындаған сөздерін сахнаға шығып оқиды.

Хабарламаларға жазылу