Француздық «France 3» телеарнасы Муамар Каддафидің ескі сұхбатын жариялады. Онда ливиялық бұрынғы лидер 2007 жылы Николя Саркозиді сайлау алдындағы науқанда қаржыландырғанын айтқан. Сұхбат үш жыл бұрын жазылған, деп хабарлайды «Vesti.ru».
Қаржыландыру құны - 50 миллион евро екені анықталды. Мұндай сыбыс бұған дейін де шыққан еді. Алайда Саркози айыптан жалтарып, зерттеу жүргізген ақпарат агеттігін сотқа берген.