Оралда 1-11 сыныптарда сабақ тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда 1-11 сыныптарда сабақ тоқтатылды

30.01.2014
Оралда 1-11 сыныптарда сабақ тоқтатылды
 
«Қазгидромет» РМК Батыс Қазақстан облысындағы филиалының мәліметіне сәйкес бүгін, сағат 07.00-де Оралда 30 градус аяз болды. Сондай-ақ,  желдің жылдамдығы секундына 5 метрге жетті.
 
Осыған байланысты облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Орал қаласындағы орта мектептерде 1-11 сыныптарда сабақ болмайтыны туралы ескерту жариялады. Қазіргі кезде сынап бағанасы -31 градусты көрсетіп тұр.
 
Батыс Қазақстан облысында аяздың күшіне мінгеніне бүгін төртінші күн. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға алыс жолға шықпау қажеттігін ескертуде.

Хабарламаларға жазылу