«Мағжан» фильмі DVD дискіде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мағжан» фильмі DVD дискіде

29.01.2014
«Мағжан» фильмі DVD дискіде
Режиссер Марат Қоңыровтың «Мағжан» фильмі DVD дискіге басылып шықты. «Тұран фильм» киностудиясының туындысын енді көрермендер үйінде отырып та тамашалай алады.
 
Фильмнің тұсауы былтыр жазда кесілген. Әзірге Петропавл қаласы әкімдігінің қаржыландыруымен DVD дискінің 3 мың данасы шығарылды.
 
Баспасөз мәслихатында  фильм режиссері Марат Қоңыров Мағжанның өмірі туралы түсірілген тұңғыш деректі-көркем фильмнің  тұсаукесері Түркияда  да өткенін айтты.

Хабарламаларға жазылу