Оның суреттерінің басты тақырыбы – сәйгүліктер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оның суреттерінің басты тақырыбы – сәйгүліктер

29.01.2014
Оның суреттерінің басты тақырыбы – сәйгүліктер
Даланың еркесіне баланған сәйгүліктер суретші Жеңіс Кәкенұлының шығармашылығынан ойып тұрып орын алған. Шеберхана – суретшінің екінші үйі іспетті. Қылқалам шеберінің өнер туындылары осы жерде дүниеге келеді.
 
«Идеям қағаз бетіне ойлағанымдай түспей жатса, жыртып тастап, басынан бастайтын кездерім де болады. Өнер жолы оңай емес»,-дейді ол. Қазір суретші «Сәйгүлік семантикасы» атты көрмеге дайындық үстінде.
 
Суретшінің сәйгүліктер көрініс тапқан картиналарын «Таңшолпаннан» тамашалаңыздар.

Хабарламаларға жазылу