Украина премьер-министрі Николай Азаров бүгін отставкаға кететінін мәлімдеді деп хабарлады украиналық «УНИАН» агенттігіне сілтеме жасап, «Азаттық».
Үкіметтің ресми сайтында жарияланған Азаровтың мәлімдемесінде «Қоғамдық-саяси ымыраға жол ашу және қақтығыстың бейбіт түрде реттелуіне қосымша мүмкіндіктер жасау үшін президент Виктор Януковичтен отставкаға кету туралы өтінішімді қабылдауды сұраймын» делінген.