Украинада мерзімінен бұрын сайлау өткізу қаулысының жобасы тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада мерзімінен бұрын сайлау өткізу қаулысының жобасы тіркелді

28.01.2014
Украинада мерзімінен бұрын сайлау өткізу қаулысының жобасы тіркелді

Украинаның бұрынғы мемлекет басшылары Леонид Кравчук, Леонид Кучма мен Виктор Ющенко бүгін Жоғарғы Раданың кезектен тыс отырысына қатысатын болады.

Бұл туралы елдің экс-көшбасшылары Киевте Кравчуктің бастамасымен өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады.

Жоғарғы Радада ел парламенті депутаттарының, сондай-ақ жергілікті кеңестердің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы қаулының жобасы тіркелді, деп хабарлайды Росбалт.

Хабарламаларға жазылу