Украиналық оппозиция өкілдері ел президенті Виктор Януковичтің ұсынысына сейсенбі, 28 қаңтарға дейін жауап бермекші. Бұл туралы Майдан көшбасшыларымен келіссөз жүргізіп жүрген, «Аймақтар партиясының» депутаты Олег Царев мәлімдеді, деп жазады РБК.
О. Царевтің айтуына қарағанда, Виктор Януковичтің Арсений Яценюкке премьер-министр қызметін атқаруды ұсынуына оппозиция көшбасшылары сейсенбі күні өтетін Жоғарғы Раданың отырысы кезінде жауап бермекші.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, Украина Президенті Виктор Янукович Арсений Яценюкке - премьер-министр, ал Виталий Кличкоға - гуманитарлық мәселелер жөніндегі вице-премьер лауазымдарын атқаруды ұсынған болатын.