25 қаңтар күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қармақшы ауданына барып, Қорқыт Ата мемориалы жанындағы зиярат ету орталығын тамашалады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.
Қорқыт Ата кесенесi маңында зиярат ету орталығы ашылды. Мейрамхана, намазхана, қонақ үй, монша, бассейнi бар кешен тәу етушiлерге, туристерге, жолаушыларға қызмет етедi. Байқоңыр мен Қорқыт Ата ЭКСПО-2017 нысаны тiзiмiне енгiзiлгенi белгiлi. Нысанды ашпас бұрын көпшiлiк Қорқыт Атаға құран бағыштап, құрбан шалды.