Баспасөз бостандығына үлес қосқан журналистерге сыйақы беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баспасөз бостандығына үлес қосқан журналистерге сыйақы беріледі

26.01.2014
Баспасөз бостандығына үлес қосқан журналистерге сыйақы беріледі
 
ЮНЕСКО өзінің ұлттық комиссиясымен кеңесе келе, сол ұйымға мүше-мемлекеттерді баспасөз бостандығына зор үлес қосқан журналистерді ЮНЕСКО-ның Әлемдік жүлдесіне (Гильермо Кано) ұсынуға шақырды.
 
Бұл жүлде келер жылы табысталатын болады. Жүлдеге тапсырыс 15 ақпанға дейін берілуі тиіс.
 
Баспасөзге қосқан үлесі үшін берілетін ЮНЕСКО-ның Гильермо Кано Әлемдік жүлдесінің 25 мың АҚШ доллары көлеміндегі сыйақысы жыл сайын 3 мамырда беріледі. Әлемдік баспасөз бостандығы күніне орайластырылған.
 
Ал жүлденің өзі есірткі барондарын әшкерелеген материалдарының арқасында танымал болған колумбиялық журналист Гильермо Каноның құрметіне тағайындалған.
 
1986 жылдың 17 желтоқсанында ол колумбиялық есірткі бизнесі серкелерінің тапсырысымен өлтірілген. 2000 жылы Әлемдік баспасөз институты оны баспасөз бостандығының 50 қаһарманы қатарына енгізген.
 
2007 жылы ресейлік журналист Анна Политковская дүниеден өткен соң осы жүлденің лауреаты атанған еді. Сондай-ақ, соңғы жылдары Эфиопия, Әзірбайжан, Иран, Чили, Шри-Ланка, Мексика журналистері лауреат атанды.

Хабарламаларға жазылу