«Украинадағы журналистерге қарсы шабуылды тоқтату керек» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Украинадағы журналистерге қарсы шабуылды тоқтату керек»

26.01.2014
«Украинадағы журналистерге қарсы шабуылды тоқтату керек»
 
ОБСЕ-нің БАҚ бостандығына қатысты өкілі Дунья Миятович Украина билігін бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты келеңсіздікті тоқтатуға шақырды. Сондай-ақ, ол журналистерге байланысты барлық жанжалды тексеруді тапсырды.
 
«Мен елдегі соңғы оқиғаларға байланысты полиция қолданған гранаталар мен резеңке оқтардан бірқатар журналистердің жарақат алғанына алаңдаймын», дейді ол Украинаның Сыртқы істер министрі Леонид Кожурге жазған хатында.
 
«Белгілі болғандай, кейбір жағдайларда журналистердің БАҚ қызметкері екені анық болса да, олар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нақты нысанасы болған»,-дейді ол.
 
Анықталғанындай, БАҚ өкілдеріне қарсы шабуылдар артып келеді. «Новая газета», «Вести», «Спильно ТВ», «Радио свобода», «1+1», «5 канал» және тағы басқа ақпарат құралдарының 30-ға жуық қызметкері Киевтен ақпарат таратумен айналысу барысында жарақат алған.
 
«Журналистердің қауіпсіздігі қашанда ескерілуі керек»,-деді Миятович.

Хабарламаларға жазылу