Баскетбол. «Астана» ұжымы үш ұпайды еншіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баскетбол. «Астана» ұжымы үш ұпайды еншіледі

26.01.2014
Баскетбол. «Астана» ұжымы үш ұпайды еншіледі
ВТБ лигасы аясында «Астана» баскетбол клубы өз алаңында Волгоградтың «Красный октябрь» командасын қабылдап, 106:86 есебімен ұтты.
 
Бұл жеңістің арқасында Александр Трифунович шәкірттері өз тобында алтыншы сатыға көтерілді. Бұл орын плей-офф кезеңіне қатысуға мүмкіндік береді.  
 
Елордалық ұжым енді украиналық «Азовмаш» командасын қабылдайды. Ойын 2 ақпанда өтеді.

Хабарламаларға жазылу