Маңғыстау облысында мұнай өндеу зауытын салу ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында мұнай өндеу зауытын салу ұсынылды

24.01.2014
Маңғыстау облысында мұнай өндеу зауытын салу ұсынылды
Елбасы биылғы Жолдауда Қазақстанда  4-ші мұнай өңдеу зауытының құрылысын бастауды тапсырды. Сол зауыт Маңғыстау облысы аумағында салынуы мүмкін.
 
Осыған  қатысты Маңғыстау облысының әкімі актив жиналысында аймақтың аталмыш зауытты салуға қатысуына құқығы барын айтты.
 
«Біз, мұнай-газ шығаруға машықтанған аймағымыздың мүмкіндігін ескере отырып, осы өңір мен мемлекетке аса қажетті осы өндірісті салуға үміткер қалалардың қатарына енеміз деп ойлаймын»,-дейді аймақ басшысы.
 
Облыс әкімінің айтуынша, қазіргі уақытта оның тапсырмасына сәйкес, аталмыш жобаның негізділігін зерттеумен айналысатын арнайы топ жұмыс істей бастады.
 
«Бұл топқа қазіргі жағдай мен болашақ туралы мұрағат жазбаларымен жұмыс істейтін ғалымдар, танымал мұнайшылар мен экономистер енді», - деді А.Айдарбаев.

Хабарламаларға жазылу