Аргентина президенті «үнсіздікті» бұзды
Аргентина президенті Кристина Фернандес де Киршнер денсаулығына қатысты сыбыстарды сейілту мақсатында алты аптадан кейін алғаш рет көпшілік алдында сөз сөйледі. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Буэнос-Айрестегі президент сарайындағы жиынға саясаткердің жүздеген жақтасы жиналған.
Киршнер жұмыссыз жүрген жастарға әлеуметтік қолдау көрсету жоспарын жария етті. Сондай-ақ ол бұқаралық ақпарат құралдарын үкіметке қолдау көрсетпегені үшін сынға алды.
Аргентинаның мемлекет басшысы өткен жылдың қазан айында басына операция жасатқан еді. Ал бір айдан кейін ол жұмысына оралған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Трамп Оңтүстік Кореямен арадағы әскери жаттығудың ауқымын қысқартуға бұйрық берді
17.08.2026, 20:35
Құрылтай сайлауы – демократиялық дамудың жаңа кезеңі
17.08.2026, 20:32
АҚШ-та 3 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
17.08.2026, 20:29
Шымкентте Шәмші шығармашылығы дәріптелді
17.08.2026, 20:12
Алматы облысында авиациялық мереке өтті
17.08.2026, 20:09
Үгіт-насихат науқанының соңғы аптасы басталды
17.08.2026, 20:07
Жаңаөзенде енді су тапшылығы жоқ
17.08.2026, 20:07
Сауалнама: Халықтың басым көпшілігі сайлауда дауыс беруге дайын
17.08.2026, 20:06