Көкпектідегі алтын өндірісі тоқтап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкпектідегі алтын өндірісі тоқтап тұр

22.01.2014
Көкпектідегі алтын өндірісі тоқтап тұр
Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында алтын өндірісі тоқтап тұр. Биыл Родниковое жерінде алтын өндірісін қолға алу жоспарланған еді. Десек те, 4 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы жұмсалып, фабрика мен жұмысшылар үйі толық салынып бітсе де, олар пайдалануға берілген жоқ.
 
Экономикалық есеп бойынша кеніш ашылса, жүзден аса адам жұмысқа тұрады. Өндірістік өнім көлемі шамамен 30 пайызға, жылдық меншікті кіріс 40 миллион теңгеге артады.
 
Бірақ, кен орнының иесі жылда өзгеріп, өндіріс іске қосылмай тұр. Көкпекті ауданының әкімі Дүйсенғазы Мусин осыған алаңдаулы.

Хабарламаларға жазылу