Флорида жағалауында 12 дельфиннің не себептен өлгені анықталмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Флорида жағалауында 12 дельфиннің не себептен өлгені анықталмай отыр

22.01.2014
Флорида жағалауында 12  дельфиннің не себептен өлгені анықталмай отыр
Бұл туралы сейсенбі күні АҚШ-тың мұхит және атмосфераны зерттеу бойынша Ұлттық басқармасы хабарлады.
 
 Бірнеше күн бұрын Флорида жағалауының маңында 18 дельфин жүргені байқалған.  Дүйсенбі күні құтқарушылар 2 өлі жануардың үстінен шыққан. Бейсенбі күні жағалауда әлсіреп жатқан тағы 2 дельфин солардың кебін киді. 
 
Сейсенбіде тағыда  8-інің өлігі табылды. Қалғандары іздестіріліп жатыр. Негізінен олар 25-30 шақтысы топтасып өмір сүреді. Жаппай өлімнің себебін анықтау үшін өлген делфиндерге зерттеу жүргізіледі.

Хабарламаларға жазылу