Қазақ сәбилері енді Моцарттың, Шуберттің туындыларын тыңдап өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ сәбилері енді Моцарттың, Шуберттің туындыларын тыңдап өседі

22.01.2014
Қазақ сәбилері енді Моцарттың, Шуберттің туындыларын тыңдап өседі

ҚР Еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы жақында «Әлем бесік жырлары» атты жаңа күйтабағының тұсаукесерін өткізді.

Бесік жырымен ұйықтаған сәби халқының салт-дәстүрін, тарихын біліп өседі. Анасының әлдиі арқылы мейірім мен махаббатты бойына сіңіреді. Бесік жырын өзге халықтар да тәрбие бастауы деп білген.
 
Бесік жыры әр елде әрқалай айтылғанымен, мақсат бір - бесік тербелісіне сай сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандырып, санасына ұлттық тәрбиені сіңіру.
 
Операның жарық жұлдызы Майра Мұхамедқызының тұсауы кесілген жаңа жинағында қазақ тіліне аударылған әлем елдерінің бесік жырлары топтастырылған. Әртіс бұл турасында: «қазақтың қарадомалақ балалары Моцарттың, Шуберттің туындыларын анасының әуенімен бойына сіңірсе деймін»,-дейді.
 
Он бір туынды кірген әнжинақта күміскөмей әншінің анасымен бірге айтатын бесік жыры да бар. Бұл топтамаға шетелдің – 8, қазақтың – 3 бесік жыры енген.

Хабарламаларға жазылу