Армения құрамасы мен «Краснодар» футбол клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Маркос Пиззелли «Ақтөбе» футбол клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Vesti.kz.
29 жастағы бразилиялық футболшының трансферлік құны - үш миллион еуро.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың мамырында Маркос Пиззелли «Кубань» командасынан «Краснодарға» ауысқан еді. Ол Ресей чемпионатында 6 ойын өткізіп, кубок ойындарында 2 гол соққан.
Бұған дейін қазақстандық клуб тағы бір бразилиялық футболшыны құрамына қабылдаған еді. Ел чемпиондарының құрамын Беларусь құрамасы мен «Аланияның» жартылай қорғаушысы Ренан Брессан толықтырды.