Франция президентінің көңілдесі делінген әйел сотқа жүгінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франция президентінің көңілдесі делінген әйел сотқа жүгінді

17.01.2014
Франция президентінің көңілдесі делінген әйел сотқа жүгінді
Актриса Жюли Гайе өзінің президентпен көңілдес екені туралы сурет жариялағаны үшін «Closer» журналынан  54 мың евро өндіруді көздеп отыр. Актриса моральдық нұқсанды 50 мың евроға бағалап, сот шығыны – 4 мың евроны қоса төлеуді  талап етуде.  Сондай-ақ Жюли Гайе сот шешімін журналдың мұқабасына басуды талап еткен, деп хабарлайды «РИА Новости»
 
Бұған дейін Гайенің адвокаты «Closer» басылымының сайтына даулы материалды алып тастауды өтінген. Журнал басшылығы бұл өтінішті орындаған.

Ал Француа Олланд материалға қатысты сотқа жүгінбейтінін хабарлаған, алайда ол жеке өміріне қол сұққаны үшін журналға  ашулы.
 
Естеріңізге сала кетейік, мұндай қауесет өткен аптада шыққан еді. «Closer» журналы 59 жастағы Франция президенті Франсуа Олланд пен 41 жастағы Жюли Гайе көңілдес екенін дәлелдейтін суреттер жариялады. Алайда басылымның шығуына бірнеше сағат қалғанда президент бұл ақпаратты мойындаған.
 
Айта кету керек, ресми түрде Францияның бірінші ханымы - 49 жастағы журналист келіншек  Валери Триервейлер.  

Хабарламаларға жазылу