Түркияда Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігінің қолдауымен «Dis Ticaret» («Сыртқы сауда») экономикалық журналының толықтай Қазақстан Республикасына арналған арнайы нөмірі жарыққа шықты, деп хабарлайды «Айқын».
Шығарылымда Қазақстанның жетістіктері туралы ақпараттық-анықтамалық мақалалар, сыртқы саяси бастамалары, Елшілік тарапынан ұйымдастырылған ауқымды шаралар туралы жазылған. Журналдың бұл саны Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған ұзақмерзімді «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының негізгі қағидаттарынан басталған.
Жеке айдарлар біздің елдің сыртқы саяси бастамалары, соның ішінде, еліміздің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық еткені (2010), Ислам ынтымақтастық ұйымы (2011), «EXPO-2017-Астана», «Универсиада-2017», «Атом» және «G-Global» жобаларына арналған.
Сондай-ақ журналда Қазақстанға ірі өнеркәсіптік инвесорларды тарту мақсатында елдегі экономикалық өзгерістер, инвестициялық климат, шетел инвесторлары ұсынатын жеңілдіктер мен артықшылықтар туралы арнайы ақпарат берілген.
dis ticaret, журнал, түркия, туркия журналдары, казахстан, қазақстан, казтрк, экономика, экспорт,
«Dis Ticaret» журналы - Түркияның көпшілікке танымал басылымдарының бірі. Оны тиражы да ауқымды және ол Түркияның барлық өңірлеріне, сонымен берге елдің Еуропа,Таяу Шығыс, Орталық Азия елдеріндегі өкілдіктеріне дейін таралады.