Қазақстандық ғалым ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық ғалым ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты

16.01.2014
Қазақстандық ғалым ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты
Қазақстандық ғалым ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты, деп хабарлайды «Казахстанская правда» газеті.  Қазақ ғылыми-зерттеу институтының директоры, Ұлттық ғылым академиясының академигі Абай Сағитов Іле Алатауында өсетін кордицепс деп аталатын саңырауқұлақты пайдалану арқылы 150 жасқа дейін өмір сүруге болады деп санайды.
 
Кордицепс саңырауқұлағы Іле Алатауының 3000 метрге жуық биіктігінде жәндіктірден  табылған.
 
«Саңырауқұлақтағы емдік қасиетті көпбөлшекті микроэлементтер құрайды. Кордицепс әсерінен өлген жәндіктер ұлпасының сыртқы факторлардан қорғаныштық қасиеті зор. Бұл – оны микроағзалардан қорғап тұратын табиғи антибиотик - кордицепиннің әсері», - дейді ғалым.
 
Оның айтуынша,  кордицепс жазық даланы мекендейтін жәндіктерде болуы мүмкін, алайда, емге тек биікте өскені ғана қолданылады.
 
Ғалым көп жасаудың құралы саналған саңырауқұлақтың бұл түрі сонымен қатар, бүйрек қызметін жақсартатынын, оны ұйқысыздық пен жүйке жүйесі қызметі, сары ауру, қант диабеті, тыныс алу жолдары, асқазан мен әртүрлі ісік ауруларын емдеу үшін пайдалануға болатынын айтады. 

Хабарламаларға жазылу