Мельбурнде өтіп жатқан теннистен Австралия ашық біріншілігінде қазақстандық теннисші Галина Воскобоева екінші айналымда сүрінді. Ол әлемнің 16-шы ракеткасы, испандық Карла Суарес-Наварродан 6:7, 6:3, 6:8 есебімен ұтылып қалды.
Жекелей сында жарыс жолында тек Зарина Диас қана қалды. Ол бүгін жаңазеландиялық Марин Эраковичті ұтып, үшінші айналымға шықты. Оның ендігі қарсыласы – румын Симона Халеп.
Бұған дейін жарыс жолынан Ярослава Шведова мен Юлия Путинцева шығып қалған еді. Ерлер арасынан Михаил Кукушкин, Андрей Голубев және Александр Недовесов те алғашқы айналымнан ары аса алмады.