Қазақстан халқының саны 17 миллион 145 мыңға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан халқының саны 17 миллион 145 мыңға жетті

15.01.2014
Қазақстан халқының саны 17 миллион 145 мыңға жетті
2013 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстандағы халық саны 17 миллион 145 мың адамды құрады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді.
 
Қалалықтар 55 пайызды (9 436,9 мың),  ауыл тұрғындары 45 пайызды (7 708,8 мың) құраған. 2013 жылдың бас кезімен салыстырғанда, халық саны 1,4 пайызға өсті.
 
Агенттік төрағасының мәліметінше, 2013 жылғы қаңтар-қарашада АХАТ органдарында 363,1 мың жаңа туған бала тіркелген. Бұл 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 пайызға артық.

Хабарламаларға жазылу