Жаңа 1000 теңгеде якут халқының ұлттық елтаңбасы бейнеленген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа 1000 теңгеде якут халқының ұлттық елтаңбасы бейнеленген

15.01.2014
Жаңа 1000 теңгеде якут халқының ұлттық елтаңбасы бейнеленген
Өткен айда жарық көрген жаңа 1000 теңгелік банкноттағы бейне Саха республикасының (Якутия) ұлттық елтаңбасына қатты ұқсайтынын жазады «Altaynews.kz».
 
Біздің жыл санауымызға дейінгі VI-IX ғасырлардан мұра болып жеткен тастағы таңбалардан алынған бейне бүкіл түркі халықтарына ортақ жәдігер екені анық. Алайда Якутияның Ykt.ru порталында бұл сурет жергілікті якут елінің түп-төркіні болып саналатын Курыкан халқының ұлттық мұрасы болып саналатыны хабарланған.
 
«Салт атқа мініп, қолына байрақ ұстаған жауынгер бейнесі республика халқының бірлігі мен күш қуатын айқындайды», -  деп жазылған.
 
Онда Ресей ғалымдары да пікір білдірген. «Ежелгі Курыкан елі Лена өзенімен солтүстікке қарай жылжып отырып, саха халқының пайда болуына негіз болды. Қолына байрақ ұстаған жауынгер бейнесі орта ғасырларға тиесілі сурет. Демек оған түркі халықтарының барлығы ортақтаса алады. Біз оны тек қана якут халқының мұрасы деп айта алмаймыз. Алайда, қазақ халқы бұл жерден мүлдем алыста орналасқан, бұл таңбаға қатыстылығы да алыстау», - дейді тарих ғылымдарының кандидаты Виктор Дьяконов.

Хабарламаларға жазылу